© olympic.kz
Ақтау теннис мектебінің өкілі Бейбіт Жұқаев «Уимблдон» додасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз алғашқы айналымда австриялық Юрий Родионовтан айласын асырды. Жұқаев енді келесі ойынды Сербия теннисшісі Хамад Медьедовичпен өткізіп, өзара мықтыны анықтамақ.
Бұдан бөлек Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан тағы үш теннисші іріктеу бәсекелерін сәтті жалғастырып жатыр. Оның ішінде Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Тимофей Скатов Лондондағы айтулы жарыстың алғашқы айналымында кортка шығып, шеберліктерін көрсетті. Отандық теннисшілер енді екінші айналымда тағы өнер көрсететін болады.