«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының мәліметі бойынша, бүгінде облыс кәсіпорындарының тұтынған газға жалпы қарызы 9,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айына 130-180 миллион текше метр тауарлық газ тұтынатын «МАЭК» ЖШС соңғы екі айда 7 миллиард 690 миллион 708 мың теңге қарыз болыпты.
Екінші орында 590 млн теңгеден астам сомаға «ӨзенЖылу» серіктестігі.
Ал дүкендер мен сауда орталықтары 565 миллион теңгеден астам қаражатты төлемей отыр.
Борышкерлер тізімінде 181 млн теңге берешегі бар өнеркәсіп кәсіпорындары мен 61 млн теңгеге бюджеттік мекемелер бар.