7 - 8 шілдеде ҚР ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтатылады. Бірақ кезекші ХҚКО-лар қызмет алушыларды қабылдайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, дүйсенбі күні 10 шілдеде мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ 6 және 9 шілдеде елдегі ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары үшін демалыс.
Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар 9:00–ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.