Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында МАЭК-ке барып, кәсіпорын жұмысымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпорынды аралау кезінде Үкімет басшысы әкімдік пен МАЭК басшыларына жағдайды тұрақтандыру бойынша тапсырма берді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Қазір апаттың себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Кәсіпорынды жаңғыртуға 4,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа энергетикалық жабдықтар жаңартылады. Әкімдік пен МАЭК осы қаражатты тез әрі тиімді пайдаланып, кәсіпорын жұмысын тұрақтандыруы тиіс, - деді Әлихан Смайылов.
Махаббат Нұржанқызы