Облыстық департаменттің хабарламасы бойынша мамандар Жетібай ауылы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласының атмосфералық ауасына өлшемдер жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ауадағы жану иісі облыстық көлемде, яғни Ақтау Жаңаөзен қалалары, Жетібай ауылы, Маңғыстау ауданының Шетпе, Қызан, Ақшымырау, Шайыр ауылдарында да орын алып отыр. Алдын ала жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ауада өндірістік ластаушы заттектердің (газдардың) шамадан тыс артуы тіркелінбеді.
“Казгидромет” РМК автоматты бекеттері де бүгінгі таңда зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркелмегендігін растап отыр.
Аталған иіс болжамды жану иісі (запах гари) деп саналғандықтан, Департамент төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп иіс шығу ошағын анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр. Қабылданған шаралар бойынша қосымша ақпараттар департаменттің әлеуметтік желісіне жарияланатын болады.