Өңірімізге белгілі өлкетанушы Алқажан Еділхан таң атысымен алғашқылардың бірі болып №32 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Алқажан аға сайлау науқанында өзгелерден қалыс қалмай өз таңдауын жасады.
Алдағы сайлаудан кейін өзгеріс пен әділдікті күтетін ол өз таңдауына сенім білдірді. Сонымен қатар бірқатар ұсыныстарын айтты.
-Сайлаудан кейін Маңғыстау өңіріне тікелей қатысы бар барлық мәселелер өз орнымен шешіледі деп сенемін. Оны рухты, еліне адал азаматтар жасай алады. Осы сайлауда халқына қамқор депутаттар жеңіске жетуіне тілекшімін. Өзім солай деп таныған азаматтарға дауысымды бердім,-деді Алқажан Еділхан.