Жаңаөзен қаласына іргелес Теңге ауылынының тыл ардагері Рейм Джайлыбаев үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшікпен ақсақалдың үйіне барды. Ардагер өз таңдауын жасады.
- Біз көптеген қиындықтарды көріп өстік. Сондықтан бейбіт өмірдің қадірін жақсы түсінеміз. Қазір тоқшылық заманда өмір сүріп жатырмыз. Аллаға мың да бір шүкіршілік айтамын. Әркез сайлаудан қалмауға тырысамын. Еліміздің азаматы ретінде өз ұстанымым – елмен бірге маңызды науқанға белсенді қатысу. Менің замандастарымның қатары сиреді. Өмірді көрген-түйгенім көп болғандықтан ертеңгі күн қалай болады деп алаңдаймыз. Өз таңдауымды жасадым. Барлық азаматтарды белсенді болуға шақырамын, - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Жаңаөзен қаласында тұрғындар 39 сайлау учаскесінде таңдау жасайды.