Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы өңірдегі кәсіпкерлерге жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдігіне кәсіпкерлердің өздері айтқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сыбайлас жемқорлық қызметіне сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жер телімін жалға беру мерзімі ұзартылуы тиіс, алайда жауапты тұлғалар 3 ай ішінде бұл мәселені қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.
Департамент Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жиын ұйымдастырды. Кәсіпкерлердің өтініштері жалға беру мерзімін ұзарту туралы оң шешіммен қанағаттандырылды.
Бұл сұлулық немесе массаж салондары сияқты әртүрлі қызметтерді көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер.