Адамзаттың басты экологиялық проблемаларының бірі –қалдық қоқыстардың көлемінің өсуінде болып отыр. Шет елдерде қоқысты экологиялық кәдеге жаратудың жаңа тәсілдері ойлап табылып жатса, Ақтауда шағын аудандардан қоқысты уақытында шығару кейде мәселеге болып отыр.
Mangystaumedia.kz редакциясы Ақтау еліміздегі ең лас қалалардың қатарында ма әлде жоқ па деген сауалға жауап іздеп көрді.
Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық саласының өзекті мәселелерінің бірі - қоқысты уақытында тазарту жұмыстары екенін ешкім дау тудырмас. Күн сайын тұрғындар әлеуметтік желіде тұрғынүйлердің жанында үйіліп жатқан қоқыс жәшіктерінің суреттерін жариялайды. Сонымен қатар, қала тұрғындары құрылыс қоқыстарын контейнерлерге жасырмай тастайтын азаматтарға да жиі шағымданады.
- Неліктен 14.46 мекенжайныдағы қоқыс тазаланбайды? Кім жауап береді?
- Қайырлы күн! 20а шағын аудандағы «Томирис» ТҮК қоқыс контейнеріне құрылыс қалдықтарын төгіп кетіпті...
- “Маңғыстау қызмет”, тариф бағасы қымбаттатуды ұмытпайсыздар, ал қоқысты тазалауды ұмытып кеттіңіздер! 17 шағын аудан сіздерге не үшін ақша төлеуі керек?
Белгілі болғандай, күнделікті қоқыс шығару кестесі үй тұрғындарының санына байланысты болып отыр.
Қоқыс шығару кестесінің талаптары мен контейнерлердің саны үй тұрғындары мен қызмет көрсететін компания арасында шарт жасасу кезінде көрсетіледі. Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінде атап өткендей, пәтерлерде тұратын тұтынушылар туралы дұрыс емес ақпаратқа байланысты толып кеткен контейнерлер орын алып отыр.
Қазіргі уақытта Ақтаудағы 41 шағын ауданға 7 ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде жеке тұлғалардың саны көп "Caspiy Operating" ЖШС жұмыс істеп жатыр. Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф бір адамға есептегенде ҚҚС-сыз 450 теңгені (қосылған құн салығы) және ҚҚС-пен 504 теңгені құрайды. Тазалық үшін салыстырмалы түрде аз ақша.
Бұл ретте, ақтаулықтардың компанияға қоқыс шығарғаны үшін 140 миллион теңге қарыз болғаны тағы бар.
- Бүгінгі таңда 20 қоқыс тасушы жұмыс істейді. Біз кәсіпорынның шығындарын азайту мақсатында қалған қызметкерлерді мүмкіндігінше қысқарттық.
Тұрғындардан өтінімдерді қабылдау үшін WhatsApp нөмірі жұмыс істейді: 705 393 45 45, ал қызмет көрсету шартын жасасу үшін тұтынушыларға біздің кеңсеге, 13 шағын ауданға келу қажет, - деді "Caspiy Operating" ЖШС директоры Сергей Парфенов.
Тағы бір мәселе ол үлкен және құрылыс қоқыстарын шығару.
Өкінішке қарай, көптеген тұрғындарға оны сыртқа шығару, балконнан немесе "галереядан" лақтыру, басқа біреудің контейнеріне немесе салынып жатқан үйдің шұңқырына лақтыра салу оңайырақ болып тұр. Коммуналдық қызметтер бұл туралы ештеңе істей алмайды, өйткені үлкен қоқыстарды шығару олардың қызметіне кірмейді.
Тұрғындардың адалдығы мен жауапкершілігіне деген барлық үміт - олар кез-келген қоқыс шығаратын компанияға өтініш беру арқылы оны өз есебінен шығаруы керек.
2022 жылғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 3005 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Олардың 635-і экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді (21%). Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 1% - ға өскен. Бұл ретте, еліміз бойынша жылына 4-4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдықтар жиналады.
Жалпы, қала халқының өсуіне байланысты қоқыс саны да артып келеді.
Жазушы А.Чеховтың "тазалық тазартылған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде" деген әйгілі сөзі тұтыну мәдениетіне деген көзқарасты түбегейлі қайта қарау қажет екенін көрсетеді. Бәріміз өз құқықтарымызды анық білеміз, бірақ өз міндеттерімізді есте сақтаймыз ба? Мәдениетті және тәрбиелі адамның құндылықтарын сақтау, ұрпақтар үшін қоршаған ортаны сақтау, балаларға көшеде немесе үйдің жанында қоқыс тастаудың дұрыс емес екенін анықтауға көмектесу әркімнің санасында сайрап тұруы тиіс міндет. Сіз қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін алуға қаншалықты дайынсыз?