Ақтау қаласының 17-шағын ауданда студенттік жатақхана қолданысқа берілуге дайын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы қала әкімі Ербол Ізбергенов тұрғындармен кездесу кезінде айтты.
500 орындық жатақхана 5 қабатты, 3 блоктан тұрады, жалпы ауданы - 10 732 м2.
-Студенттердің баспана мәселесін шешу мақсатында 17-шағын ауданнан жатақхана салдық. Аталған ғимарат жайлы өмір сүруге қажетті жиһазбен, қүралдармен және бөлмелермен қамтылған. Жастарды елдің болашағы дейміз, сондықтан олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау - басты назарда, деді Ербол Ізбергенов.
Жатақханада 2 және 3 жатын орындық бөлмелер, киім жуу бөлмесі, медициналық пункт, буфет, оқу залы, жиналыс бөлмесі бар. Әр жатын бөлме тумба, үстел, шкаф, орындықтармен және төсекпен қамтылған.