Үлескерлер мәселесін қарау үшін құрылған комиссия қаладағы 9 үйдің проблемасын қарап, 6 тұрғын үйге қатысты жеделдету тапсырмалары берілген. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің Ақтау тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Халықпен кездесуінде қала басшысы үлескерлерді құрылысы толық аяқталған кезде ғана келісім-шарт жасауға шақырды.
Жаңа шағын аудандардағы басты проблема - инфрақұрылым желісі. Қала әкімінің айтуынша, жаңа шағын аудандарға арналған 2 қосалқы станция жұмысы аяқталды. Олар қалаға қосымша электр күшін таратуға септігін тигізбек. Ал, 19 шағын ауданның ішкі автокөлік жолы биыл толық аяқталмақ.
-Қазір қала 5 аймаққа бөлініп, ішкі инженерлік жұмыстар басталуға дайын. Жұмыстар жылыту маусымы аяқталған соң басталып, жылыту маусымы басталатын уақытқа дейін аяқталмақ, - деді Ербол Ізбергенов.