Бүгін 1 мамыр мереке күніне қарамастан маңғыстаулық құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, маңғыстау құтқарушылар Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылы коттедж корейс мекен жайында 140 дана 1 тонналық қапшықтарға топырақ толтырды.
Жайық өзеніне екі қайық суға түсіріп, кезекшілік қойылды. Сонымен қатар Жайық өзені бойына ұзындығы 50 метр жерге геотекстиль кілемше төсеп, өзен жиегін нығайту үшін 300 дана қапшықпен бастырды.