Ақтауда автомобиль және жаяу жүргіншілер жолы жиектеріне жиналған қарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 5 жауапты шебер, 51 жол жұмысшы, 2 МАЗ самосвал, 2 погрузчик, 3 газель, 3 автобус және 1 ЗИЛ көлігі жұмылдырылды.
Қарды тазалау жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-№3 автомобиль жолы, «Қашаған» ескерткіші мен «Ардагер» СҮ аралығы;
-№3 автомобиль жолы, «Ардагер» СҮ-мен «Ақбота» саябағының аралығы;
-16 және 17 шағынаудан аралығы;
-№7 автомобиль жолы, «Самал Резиденция» - «Астана» с/о;
-№24 автомобиль жолы, Триумфальная арка(айналма жол);
-№15 автомобиль жолы, «Green park» ТҮК маңы;
-№20 автомобиль жолы; 15 және 17 шағынаудан аралығы.