Биыл Қазақстан Республикасы аумағын аралайтын ұлттық мотоцикл жарысы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазының 200 жылдығына арналды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты ұраны: «Біз қазақстандықтар, көпұлтты елде бір-біріміздің салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпын сыйлап өмір сүріп жатырмыз. Отанымызды сүйеміз және оның гүлденуін тілейміз».
Бұл Қазақстандағы бірінші, жалғыз және бірегей жоба. Мақсаты – ел азаматтарын біріктіру, ұлтаралық татулық пен діни төзімділікті насихаттау, Қазақстанда ішкі және сыртқы экологиялық, танымдық, іс-шаралық және экстремалды туризмді дамыту, ашық ауада серуендеу мен салауатты өмір салтын насихаттау, қалаларды аралау және көрікті жерлермен танысу.
Жобада 9 жыл ішінде қатысушылар Қазақстан бойынша 100 мың шақырымнан астам жол жүріп, 180 күннен астам уақытын жолда өткізді. Биыл автошеру бағыты Ақтау-Атырау-Орал-Ақтөбе-Шымкент-Алматы-Өскемен-Астана-Көкшетау-Петропавл-Қостанай-Ақтөбе-Орал-Атырау бағытында жүріп, қайтадан Ақтауда аяқталады. Астана, Щучинск, Өскемен, Алматы, Тараз, Шымкент және Түркістан сияқты қалаларда мотокроссқа қатысушылар бірнеше күн демалу және экскурсия жасау үшін аялдайды.