Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ұйымдастыруымен әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайынғы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы бастау алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Акцияның негізгі мақсаты - көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және оның алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту бағытындағы қабылданған шараларды таныстыру. Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мамандары және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды.
Жыл басынан бер учаскелік полиция инспекторларымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы 319 азаматтардың арыз-шағымдары қаралған, оның ішінде ҚР ӘқбтК 73-бабымен – 98 тұлға, 73-1 бабымен – 112, 73-2 бабымен – 109 әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңына сәйкес 1088) тұлғаға қорғау нұсқамасы қойылды, және соттың шешімімен 55 тұлғалға қарсы мінез құлқына ерекше талаптар белгіленген.
ҚР ӘқбтК 461 бабымен 45 тұлға, 669 бабымен 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.