2023 жылы 26 қаңтар күні сағат 18:10 шамасында белгісіз тұлға Ақтау қаласы 7 шағын аудан көлемінде бірнеше тонау деректерін жасады. Атап айтсақ, аталған шағын аудандағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сатушыдан ақша талап еткен. Сондай-ақ, екі азаматшаның қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен, деп хаабрлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтау қаласы криминалдық полиция қызметкерлермен 18 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.