Маңғыстауда сотталушы телефонды іш киіміне тығып, тергеу изоляторына заңсыз алып өтпек болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұндай жағдай облыстағы ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде жылдың басынан бері тоғызыншы рет тіркеліп отыр.
- Қызметкерлер сотталушының телефонын соттан тергеу изоляторына апарған кезде тапты. Осылайша, сотталушының HUAWEI маркалы ұялы телефоны тәркіленді. Әдетте, тінтулер тергеу изоляторына келгенге дейін және келгеннен кейін жүргізіледі. Бұл адамның тыйым салынған заттарды алып жүрмеуі үшін жасалады,- дейді мекеме басшысының міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.