Желіде Ақтаудағы №1 мектепте мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал түсірілген видео пайда болғаннан кейін облыстық білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеода Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде математика пәнінің мұғалімі сабақ кезінде оқушыға қайта-қайта қолын сермеп, балаға түсініксіз балағат сөздер айтқан.
Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі математика пәні мұғалімінің 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданғанын хабарлады.
«Осы мәселе бойынша жиналыс өтіп, ұстаз өз кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрады. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 2-тармағына сәйкес, мұғалімге «сөгіс», мектеп директорына «ескертпе» берілді. Алдағы уақытта келеңсіз жағдайлардың қайталанбауы үшін мектеп әкімшілігіне қатаң ескертілді», деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.