«Сұлтан» тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салғандардың айтуынша, олардың жобасы бір жылдан астам уақыт бойы тұралап қалған. Компанияның басшылығы ауысқанымен, бірақ құрылыс қайта жанданбаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар элиталық тұрғын үй құрылысына 17 миллион, кейбірі 20 миллион инвестиция салған. Үлескерлер облыс әкімдігіне барды, бірақ оларды тағы бір жаңалық таң қалды – үй бұзылатын болады деген.
Ғимарат рұқсатсыз тұрғызылған болып шықты. Әкімдік құрылысты жалғастыруға рұқсат беруден және 200 отбасының қауіпсіздігіне жауапты болудан бас тартып отыр.
– Ата Заңымыз бойынша, бірінші кезекте адам өмірі бірінші орында. Сондықтан рұқсатсыз тұрғын үй құрылысының сапасына сенімді бола алмаймыз. Мысалы, объект өзінің нормативтік сипаты бойынша, айталық, 50 жылда эксплуатациядан өтеді. Бірақ, бұл кезеңде үйдің қандай жағдайда болатынын білмейміз. Сондықтан құрылыс салушыда қажетті рұқсат құжаттары болуы керек, – дейді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.
Ел заңнамасында заңсыз ақша жинап, құрылыс жүргізгені үшін бір миллион теңге айыппұл қарастырылған. Құрылыс салушы оны оңай төлей алады, себебі үлескерлер бір миллиард теңгеге жуық инвестиция салған.
Мемлекеттік мекеме тұрғындарға мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде бергенімен, салынған ақшаның қайтарылуына әкімдік жауапты емес. Мемлекет үлестік құрылысты сақтандырудың бірнеше түрін қарастырады. Соның бірі – қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі, ол болған жағдайда адам кез келген жағдайда пәтер алады. Ақтауда үлестік тұрғын үй құрылысының бүкіл тарихында мұндай кепілдікті бір үйдің ғана тұрғындары алған. Бірақ, заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінің тұрғындары тығырыққа тірелуде.