Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 114 баланың құқығы қорғалып, 10,3 миллион теңге көлемінде алимент өндіріліп, 11 борышкер жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ретте балаларын асырау үшін алимент төлеуден жалтаратын адамдарға қатысты атқарушылық құжаттың алимент өндіру жөніндегі талаптарын орындауға бағытталған барынша қатаң ықпал ету шаралары қолданылады.
Ықпал ету шарасы борышкерге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға уақытша шектеу, лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша шектеу белгілеуге, әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ӘҚБтК-нің 669-бабы) тартылады.
Мәселен, ағымдағы жылы 16 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 4 қылмыстық іс бойынша соттар 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарса, 12 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында.
Сот бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған 1 іс бойынша ол 7 ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.
Сондай-ақ, көрсетілген мерзімде 11 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 4 тұлға әкімшілік қамаққа алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.