Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы стадион базасында ұландықтар арасында жекпе-жек ұрыстан үш күнге созылған республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Іс-шара 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 Ішкі әскер жауынгерін еске алу күніне арналды. Іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілер арасында әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде жекпе-жек ұрысты және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Спорттық іс-шараның ашылуы салтанатты жағдайда өтті.
Өткізілген чемпионатқа Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінен спортшылар қатысты. Өткізілген жарыстың нәтижесі бойынша Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімнің жауынгері Мансур Минболатов 73 кг салмақ дәрежесі бойынша алтыннан алқа тағып чемпион атанды.