Ақтауда көктайғақтың алдын алу мақсатында автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 45 тонна құм және 22 тонна тұз аралас қоспасы себіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары қар тазалау мақсатында әрі жол қауіпсіздігін сақтау үшін ең алдымен қауіпті аймақтарға, яғни ылди мен өрге құм-тұз аралас қоспасын себу жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 6 жауапты қызметкер мен бірқатар техника жұмылдырылды.
Құм-тұз аралас қоспасы мына мекен-жайларға себілді:
-14 және 15 шағынаудан аралығы, ылди(спуск) және өр(подъем);
-15 ш/а «Самал Резиденция» маңындағы жол, ылди(спуск) және өр(подъем);
-№9 автомобиль жолы, «Жігер» с/о арты;
-9 және 14 шағынаудан аралығы, ылди(спуск) және өр(подъем);
-№1 автомобиль жолы, «Жігер» с/о алды;
-№24 автомобиль жолы, Триумфальная арка(айналма жол);
-№3 автожолы, «Қашаған» ескерткіші мен «Ардагер» СҮ аралығы, ылди(спуск);
-4а шағынаудан, «Ақбота саябағы» ылди(спуск).
Сондай-ақ, шағынаудан ішілік жолдарға құм-тұз себу жұмыстарына «Ақжол+К» мекемесінен 300-ден астам қызметкерлер жұмырылды. Мердігер мекеме қызметкерлері шағын удан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарына 3 тонна құм-тұз аралас қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.