Мамыр айының 12 күні кешкі сағат 21:00-де Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының 22 кварталындағы 8 үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінің есігі кілттеніп, кішкентай 3 бала қамалып қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық ТЖД қызметкерлері үйдің сыртқы есігін авариялық құтқару құралдары арқылы ашып, пәтердегі кішкентай 3 баланы әкесінің қолына тапсырған.
Өткен аптада облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысының қызметкерлеріне апаттық құтқару бойынша 24 шығыс қоңырауы келіп түскен.
Дәл сондай оқиғалардың бірі, Ақтауда 4 шағынаудан, 29 үйдің 3 қабатындағы пәтерлердің бірінде 1,5 жастағы бала үйде қамалып қалған. Құтқарушылар үш иінді сатыны пәтердің терезесіне орнатып, полиция қызметкері кіріп, кіріс есікті ашқан. Сәби анасына тапсырылған.
Және 32«В» шағынаудан, 8 үйдің 5 қабатындағы пәтерлердің бірінің сыртқы есігі кілттеніп, 3 жасар сәби қамалып қалған. Құтқарушылар сүймен құралы арқылы кіріс есікті ашып, баланы ата-анасына тапсырған.
Облыстық ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметкерлері балаларды қараусыз қалдырмауыңызды ескертеді.