Өңірімізде 2023 жылы бастау алған «Zhas project» жобасы жүзеге асады. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялық орталығында өткен брифингте «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гауһар Шамқұлова айтып берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спикердің айтуынша, 2023-2024 жылдары Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында ZHAS PROJECT аймақтық жобалық кеңсесінің іс-шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты - ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлік деңгейін арттыруға жағдай жасау.
- Бұл жоба арқылы көбіне мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар шеңберінен тыс, кейде өз қабілетіне сенімсіз болатын жастарды барынша көптеп тарту. Біздің жұмысымыздың тағы бір маңызды аспектісі – ашықтық. Жобаның орындалу барысы туралы барлық ақпарат zhasproject.com сайтында жарияланады, гранттық конкурсқа қатысуға өтінімдер де веб-сайт арқылы беріледі. Байқау жарияланған соң қатысушылармен менторлардың қолдау тобы жұмыс істеп, бағыт-бағдар береді. Қорытындылай келе айтарым, бәрімізге ортақ міндет – жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмектесу және оларды өз аймағының өміріне тарту. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз, - деді Гауһар Шамқұлова.
Айта кетейік, басқада сұрақтар туындаған жағдайда осы нөмірге +7 700 271 21 73 хабарласуға болады.