Аға әділет кеңесшісі Омар Сутбаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Омар Сутбаев 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласы прокуратурасында тәжірибеден өтуші болып бастады.
Кейін Мұнайлы ауданының прокуроры, табиғатты қорғау прокуроры және Жаңаөзен қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында басқарма басшысы қызметінде болды.