«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өкілдері Ақтау тұратын жалғыз тұратын жиырма қарт адамға азық-түлік табыс етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік көмек қоржынында ұн, күріш, қарақұмық жармасы, сұлы жармасы, түйіршіктелген қант, макарон өнімдері, өсімдік майы, шәй, піспенан және басқа да қажетті тағамдар бар.
Бұл көмек аса мұқтаж жандарға, бірінші кезекте қарттарға беріліп отыр. Олардың арасындағы жалғысбасты кейуаналардың ең кішісі 57 жаста болса, ең үлкені 86-ға аяқ басқан. Олардың кейбірі мүгедек, ауыр созылмалы дертке шалдыққан жандар.
«Өкінішке қарай, біздің өңірде тағдыры әртүрлі ата-әжелер бар, олардың кейбіреулері жақындарынан айырылса, енді бірі жалғыз қалған. Осындай адамдарға қолдау көрсетуді қажет деп санаймыз. Егде жастағы адамдармен сөйлескенімізде, олар қолдау ауадай қажет екенін айтады», - дейді «Әділет және даму» қорының жетекшісі Нұрбол Қонжар.
Осылайша, қоғамдық қор өкілдері тек материалдық ғана емес, рухани тұрғыдан да қолдау көрсетті. Қарттар көмек қолын созған қоғамдық қорға алғысын білдірді.