Ақтауда бес модульдік дәретханаға QR-код орнатылды. Енді тұрғындар дәретханаға төлемін QR-код арқылы төлей алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтауда жалпы 12 дәретхана бар. Оның ішінде бес модульдік дәретханаға QR-код орнатылды.
Олар мына мекен-жайларда орналасқан:
-7А ш/а, теңіз жағалауындағы «Майда» кафесінің маңы;
-12 ш/а, Ту тұғырының маңы;
-15 ш/а, «Самал» ауданындағы теңіз жағалауында;
-14 ш/а №23 тұрғын үйге қарама-қарсы, теңіз жағалауында;
-«Ақжелкен»(Приморский) тұрғын үй массиві, теңіз жағалауындағы автотұрақ маңы.
Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Мақсатовтың айтуынша, QR-код орнатылған дәретханалар тәулік бойы жұмыс істейді.
-QR-код орнатылған 5 дәретхана тәулік бойы жұмыс істейді. Бұған дейін қоғамдық дәретханаларды күтіп ұстаған компанияға тұрғындар тарапынан көп шағым түскендіктен, қазіргі таңда дәретханаларды «Ақтау тұрғын үй» МКК күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді. Осы орайда, қала тұрғындарынан қоғамдық дәретханаларда тазалықты сақтауды сұраймыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Мақсатов.
Қалған 7 стационарлық дәретхана кестеге сәйкес, яғни таңғы 10:00-ден бастап сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Жеті стационарлық дәретхана мына мекен-жайларда орналасқан:
-4А ш/а, (Налевной) теңіз жағалауы;
-9А шағынаудан, «I love Aktau» композициясы маңы;
-4А ш/а, «Жартасты соқпақ»
(скальная тропа) маңы;
-4А ш/а, (Тарасик) маңы;
-15 ш/а, жерасты дәретханасы;
-15 ш/а, полиция пунктінің маңы;
-«Ақжелкен»(Приморский) тұрғын массивінде теңіз жағалауындағы автотұрақ маңы.