Тұрғындардың айтуынша, ойын алаңының бірінде ер адам қыздардың бетінен сүйіп, шоколад сатып алып беретінін айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көпқабатты үйдің кіреберісіне жиналған тұрғындардың жан айқайы әлеуметтік желіде тарауда. Автордың айтуынша, полицей келіп, күдіктіні ұстаған.
- Ер адам ойын алаңында ойнап жүрген кішкентай қыздарға тиіскен. Мас адамға ұқсайды. Қыздар қорқып қалған. Ол қыздың қолынан ұстаған. Тағы бір қыздың айтуынша, бетінен сүйіп, егер онымен барса, шоколад сатып алуға уәде берген. Зардап шеккендер 26-9 мекенжайына келіңіздер, арыз жазуы керек, бұлай қалдыруға болмайды», - дейді видео авторы.
mangystaumedia.kz редакциясы Маңғыстау облысының полиция департаментінен ресми түсініктеме күтуде.