Мамыр айында сот үкімі бойынша айыптаудан ақталған Қанат Жұмабаев Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылдың тамыз айында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Қанат Жұмабаев қазіргі уақытта басқарма басшысы қызметін атқарып жатыр.
"Қанат Жұмабаев 2023 жылдың 19 шілдесінде жұмысына ресми түрде оралды", - деп пікір білдірді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
2022 жылдың тамыз айында лауазым иесі жұмыс орнында ұсталған болатын. Қ.Жұмабаев тоғыз айға жуық тергеуде болып, кейін сот үкімі бойынша толық ақталған.
Қанат Қошқарбайұлының еңбек жолы спорт саласымен тығыз байланысты. Ол жаттықтырушылықтан бастап жаңа лауазымға тағайындалған уақытқа дейін басқарма басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Ал 2021 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы міндетіне кіріскен болатын.