Оқиға 1 шағынауданда 26 үйдің жанындағы ойын алаңында болған. Тұрғындар осы алаңда ойнайтын бүлдіршіндердің жиі жарақат алатынын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бұл балалар алаңқайы орнатылған кезде ескі темір әткеншектердің шынжыры жаңартылмады. Олар жай боялған күйінде ғана қалдырылды. Әрі өте ауыр. Мұнда бүлдіршіндер жиі жарақат алады. Күні кеше түнгі уақытта кішкентай бала басын әткеншекке соғып жарақаттап алды. Ол небәрі 2-3 жаста ғана. Бүлдіршінде жедел-жәрдем қызметкерлері келіп алып кетті», - дейді тұрғындар.
Тұрғындар әткеншектерді жаңарту мәселесі бойынша бірнеше мәрте қалалық әкімдікке өтініш білдірген. Әйтсе де тиісті шаралар қабылданбаған. Редакция қалалық әкімдіктің жауабын күтеді.