«Біз адамдармыз, біз біргеміз» қоры бүгін Ақтөбе мен Оралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легін жібереді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қор ғимаратында заттарды қабылдау жалғасып жатыр. Жиналған гуманитарлық көмек бүгін сағат 16:00-де жіберіледі.
«Біз киім, аяқ киім, жаңа көрпелер, жаңа жастықтар, тұрмыстық химия, жаңа төсек жапқыштар, күріш, қарақұмық, сүт, май, резеңке етік, бұқтырылған ет, кілем, қант, томат пастасы, ұн, ашытқы қабылдаймыз. Егер сіз көмек қолын созғыңыз келсе, 87028210650 нөміріне хабарласыңыз», - деді қор басшысы Иман Досмұхамбетов.