Ақтау полициясына Тараз қаласының тұрғыны жүгінген. Ол одан алаяқтық жолмен 28 700 000 теңге алғанын, бірақ ақшаны қайтармағанын мәлімдеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.