Ақтау тұрғындары Атырау облысындағы су тасқынынан кейін базардағы мал бағасының қымбаттап кеткенін жеткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы желіде таралған бейнежазбада айтылды. Тұрғындардың бірі базардан мал алуға барғанда тоқты бағасының 65-70 мың теңгеден сатылып жатқанын айтып, саудагерлерге ренішін жеткізді.
"Тиісті құзырлы орындардың өкілдері мына жағдайды қолға алмаса, халыққа қиын болғалы тұр. Базардағы ет бағасы да қымбаттап кетті. Бұның бәрі қайдан шыққан баға?", - деп наразылық білдірді тұрғын.