Бүгін Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев табиғи апат салдарынан Қарақия ауданының Құрық ауылына эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесіп, қарсы алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құлсарыдан келгендер саны - 43, оның ішінде ересек адамдар - 19, кәмелетке толмағандар - 24. Олар «Қарақия кәсіптік» колледжіндегі эвакуациялық пунктке орналастырылды. Аталған пункттің 150 тұрғынды қабылдауға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, аудан аумағында орналасқан эвакуациялық пункттер азаматтарды қабылдауға дайын. Әрбір пунктте жауапты тұлға бекітілді. Төсек орын, азық - түлікпен және барлық қажеттілікпен қамтылады. Сонымен қатар аудан бойынша call-center жұмыс жасап жатыр.