Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ онлайн форматқа ауысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Бұл жүргізіліп жатқан шараның басты мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталған 15 мектепте барлығы 16 039 бала оқиды.
- Қашықтан оқыту сабақтары ZOOM желісі арқылы өтеді. Мұғалімдер сабақты жұмыс орындарына келіп өткізеді. Бұндай тәжірибе бізде бұрыннан бар, қиындық тудырмау керек,- деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
Онлайн оқыту форматы 8-12 сәуір аралығына жүргізіледі.