Жылыой ауданында орын алған апаттан Бейнеу ауданына эвакуацияланған тұрғындар үшін гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен азық-түлік, тұрмыстық тауарларға толы жүк көліктері келді. Бейнеу ауданында орталықтандырылған қоймаға жеткізілді. Мұнда заттар үлестіріліп, қажеттілігіне қарай халыққа бөлініп берілетін болады.
Бұдан бөлек Атырау халқын аудандық мекемелер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары да қажеттіліктермен қамтамасыз етіп, көмек қолын созып жатыр.