Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, меценат, құрылысшы Асқар Керелбаев Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге күн сайын көмек көрсетіп, қамқорлық жасап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Асқар Керелбаев күні кеше құтқару жұмыстарына қажетті мыңдаған дана күрек, қолғап, тағы да басқа құрал-жабдықтарды өз демеушілігімен алып беріп, Құлсары қаласына жөнелткен.
Бүгін Маңғыстау өңірінің құрылысшыларымен бірге Атырау облысы, Құлсары қаласына арнайы техникаларды жіберуге ат салысты.
«Қазір тасқын судан зардап шеккен Құлсары халқына қажет нәрсе — азық-түлік. Бүгін 3000 мың дана нанға тапсырыс беріп, Құлсары қаласына жөнелтуді жоспарлап отырмыз. «Ер басына күн туса, етігімен су кешер» дегендей, қиындыққа тап болған Құлсары халқына шамамыздың келгенінше жәрдемдесу — біздің парызымыз», - дейді Асқар Керелбаев.