Ақтаулық полиция қызметкерлері ұялы телефонының басты бетінде тұрған суреттерін көрсетіп, Қазнетті шулатты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Бейнероликтің авторы әріптестерінің ұялы телефонындағы суреттерін көрсете отырып, «Мың сөздің орнына бір фон» атауымен желіге жариялады.
Экран бетінде полиция қызметкерлерінің отбасымен, балаларымен, әйелімен және ата-анасымен бірге түскен суреттері қойылған.
Бейнеролик әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті.
Сондай-ақ оқырмандар «Ең қымбат және сізді әрқашан үйде күтетін адам!», «Барлығы туыстары үшін!» деген жазбалар қалдырды.