Соңғы жылдары Қазақстанда қоршаған орта мен ауаның ластануы мәселелері жиі талқылануда. Соңғы 5 жылда Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауаның ластануының жоғары деңгейі байқалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанада ауаның ластануы жылдың суық мезгіліне тән. Осы уақытта жылу-энергетикалық кәсіпорындардан, жеке секторды жылытудан және көліктерден ластану әсіресе күшті.
Қарағандыда да жағдай осыған ұқсас: атмосфераның ластануына негізгі әсер жылу электр станциялары мен жеке сектордағы жылу шығарындылары.
Ал,Теміртауда ауаның ластануы кез келген маусымға тән. Ауа ластануының жоғары деңгейі Ақтау, Алматы, Жезқазған, Қостанай, Түркістан, Петропавл және Өскемен сияқты қалаларда да байқалады.