8 желтоқсан күні Ақтау-Жетібай тас жолының 67 шақырымында жол апаты болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Lexus RX маркалы автокөлік жүргізушісі патрульдік көліктің артқы жағына соқтығысқан. Қақтығыс кезінде полицейлер өзге жол-көлік оқиғасынан зақымданған көлікті эвакуациялап, айыптұраққа апаруға шара қабылдады. "Shachman" маркалы жүк көлігі "Audi" маркалы зақымдалған автокөлікті тасымалдады.
"Lexus Rx" автокөлігінің жүргізушісі инерция салдарынан патрульдік автокөлікті соққаннан кейін "Shachman" жүк көлігінің де артқы бөлігіне соқтығысқан.
Апат салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілді.
"Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, жүргізуші жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болған. 59 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал одан әрі шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды", - деді облыстық ПД департаментінің баспасөз қызметі.