Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қалалық сотында Я. және К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен, 378-бабының 1- бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Ақтау қаласының 2 шағынауданында орналасқан мейрамханалардың бірінің қасында алкогольдік ішімдік ішкен күйлерінде Я. және К-ден Ақтау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы А., жеке басын анықтау үшін жеке куәліктерін сұраған кезде,сотталушылар полиция қызметкеріне дөрекілік танытып, оны балағаттап, қызметтік формасын жыртып, бірнеше рет ұрып,аяқтарымен теуіп, дене жарақатын салған.
Сот үкімімен Я. және К. ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен, 378 -бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.