Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 14:30–дан бастап 17:30–ға дейін Ақтау қаласы 15 шағынауданда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметтер бойынша ашық есік күні өткізіледі.