Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ел біріншілігінің жеңімпаздарына ұлттық құрама сапында бақ сынауға мүмкіндік туады. Ұлттық құрама қатарына енген жасөспірім балуандар аға жаттықтырушы Ильяс Измагиловтен дәріс алатын болады. Республикалық құрамда белдесетін балуандар маусым айында шеберліктерін шыңдау үшін Талдықорған қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Бақдәулет Сәбитовтің айтуынша, алдағы уақытта жасөспірімдер арасында Азия кубогын екі жерде ұйымдастыру жоспарланған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ