©
21-31 қаңтар аралығында Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері өтеді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала басшылығының ел алдында есеп беруі ҚР президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі.
Осы орайда қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін төмендегі орындарға арнайы жәшіктер орнатылды.
1. Ақтау қаласының әкімдігі (4 шағынаудан)
2. Абай атындағы МДК (4 шағынаудан)
3. Өмірзақ ауылының әкімдігі (Өмірзақ ауылы)
4. №1 қалалық емхана (7 шағынаудан)
5. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (11 шағынаудан).
6. №2 қалалық емхана (26 шағынаудан)
7. «Атамекен» ҰК Палатасы ғимараты (35 шағынаудан).
Жұлдызай ҚАЛИЕВА