Жеке қабылдау кезінде тұрғын үй, жұмыспен қамту, инфрақұрылым және Ақтау қаласына ерікті қоныс аудару сынды мәселелер қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Мақсат Ибағаров әр жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету мақсатында қабылдауға әр сала мамандарын қатыстырып, көтерілген мәселелер бойынша түсінік берді. Алдағы уақытта осындай бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Әкімдік хабарлағандай, азаматтық қоғам, әлеуметтік желі белсенділерімен кездесулер өткізіліп, онда айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелердің әрбіріне жеке талдау жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс орнатылып отыр.