Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Иран Ислам Республикасының Гүлістан провинциясынан келген делегацияны қабылдады.
Шетелдік әріптестермен кездесу жиынында сөйлеген облыс басшысы осынау басқосудың тамыз айында өткен Каспий жағалауы елдерінің саммитімен тіклей байланысты ауқымды шара екенін атап өтті.
- Саммит барысында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани екеуінің достық кездесуінің жалғасы іспетті, - деді ол. - Жақында өңірімізде Құрық портының ашылуы көлік логистикалық бағытты дамытуға мүмкіндік тудырып отыр. Маңғыстау жері Қазақстан мұнайының 24 пайызын өндіреді. Бұл да бірігіп жұмыс жасауға болатын негізгі бағыттардың бірі. Гүлістандық әріптесіммен бірге ауыл шаруашылығына байланысты да ақылдасқанбыз. Электр жүйесіне байланысты мәселелерді де бірігіп қарастыра аламыз. Басқа мәселелер де жеткілікті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда жастар мәселесі талқыландыСөз кезегін алған Иран Ислам Республикасы Гүлістан провинциясының губернаторы Хашеми Сейт Манап Мағыстауға келген делегация арасында көптеген салалар басшылары мен өкілдері, белгілі кәсіпкерлер бар екенін айтты. Сондай-ақ ол Иран елінде өндірілетін тауық етінің 40 пайыздайы Гүлістанда шығарылатынын жеткізді.
- Біздің елде өсірілетін күріш, арпа, цитрус жемістерін және басқа тауарларды бүгінде 1 жарым сағатта ұшақ арқылы қолжетімді бағамен жеткізуге мүмкіндік бар, - деді ол.
Кездесу соңы Атамекен кәсіпкерлер палатасында өтетін жергілікті кәсіпкелер және басқа саллар басшыларымен өтетін кездесуде жалғасатын болады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА, Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63815,63817,63816,63818"]