• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Жаңаөзен: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жолдары талқыланды

[ 2018 ] 22 қазан, 05:18  |  Маңғыстау жаңалықтары

19-20 қазан күндері жарты ғасырлық тойын тойлағалы жатқан жаңаөзендіктерді Елбасының Жолдауы жарылқап тастағандай болды. Ең төменгі жалақы 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге, мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтындардың айлық жалақысы алдағы жылдың басынан бастап 35%-ға артатын болды. Мемлекет басшысы айтқан кәсіпкерлерге жасалатын рақымшылық олардың келешегін көркейтеді. Мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, беделін арттырып, қосымша, пайдасыз жұмыстардан құтқару – жас ұрпақтың келешегін нұрландыру болып табылады. Міне, осындай мәселелер «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған жақсылықтар мен жаңалықтар жаңаөзендіктердің де жанын жадыратып, жалынды істерге жетелей түсуде. Бұл осы Жолдауды талқылауға арналған қала активінің мәжілісінде кеңінен сөз болып, шаһар басшысы Әділбек Дауылбаевтың айтқан әрбір сөзінен айқын аңғаруға болады.

Елбасы Жолдауында қазақ­стандықтардың әл-­ауқатын ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екендігін атап көрсетіп отыр. Ең төменгі жалақы мөлшері 2019 жылы 1 қаңтардан бастап 1,5 есеге, яғни 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін артады. Жаңаөзен қаласында бюджеттік салада 7226 адам қызмет етеді. Демек, олардың еңбекақылары орта есеппен 35%­-ға өседі деп күтіліп отыр. Осыған байланысты қазіргі нақты есеп­терін сала мамандары бастап кет­ті. Әрине, 7226 адамның әрбірінің отбасында қанша жан тұрады? Сондықтан Мемлекет басшысының осынау қам­қорлығы жаңаөзендіктерге жаңа серпіліс әкелетіні ай­тпаса да түсінікті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен 2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мем­лекеттік  бағдарламасы іске қосылды. Елбасы осы бағдарламаның тиімділігін атап өтіп, оның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырып отыр. Мысалы, «Өңірлер­ді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бо­йынша тұрғын үй, абаттан­дыру жұмыстары жүзеге асты. Елді мекен, ауыл, қаланың сән-­салтанаты мен көркеюіне септігін көп тигізді. Жақсы, жағымды әрі пайдалы істердің бәрі осы бағдарламалардың арқасында жүзеге асты. Осы орайда нақты айтар болсақ, қаламыз бойынша кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары күн санап көбеюде. Се­бебі бизнесті жүргізу үшін түрлі әкімшілік кедергілер қысқарып, кәсіпкерлердің белсенділігін ын­таландыру үшін салықтық жүйе заңды тұрғыда қарастырылған. Яғни, бір сөзбен айтқанда, жеке кәсіпкерлер Елбасының қолдауын сезініп отыр.

Өңірімізде орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында қолға алынған «Нұр капитал» жобасын өте жақсы бастама деп есептейміз. Бұл бағдарлама республика бойын­ша тек қана Маңғыстау облысында жүзеге асырылған. Өйткені «Нұр капитал» тек 1 пайыздық қайтарым­мен беріледі. Оны Маңғыстау облы­сы әкімінің нақты осы бағытта тап­сырма беріп, тікелей бақылауына алып, осыны тиімді пайдаланудың арқасында қол жеткізіп отырмыз.

Жыл басынан бері «Нұр капитал» шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында об­лыстық үйлестіру кеңесінің ше­шімі негізінде осы күнге дейін Жа­ңаөзен қаласы бойынша 686 млн. 800 мың теңгеге 31 кәсіпкерлік жоба нақтыланды. Соның ішінде осыған сәйкес 2013­-2014 жылы үлкен индустриалды аймақ бастал­ды. Оны осы оншақты күннен ке­йін пайдалануға бергелі отырмыз. Ол жерде өндіріске қажетті түр­лі жағармайлар, керекті су, суса­бын, әжетханалық қағаз сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті бұ­йымдарды өзіміздің кәсіпкер­леріміз өндіргелі отыр. Осыған «Нұр капитал» жобасының сеп­тігі тиюде. Сондықтан ол жерде бірнеше жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңаөзендіктерге едәуір пайдасын тигізеді. Міне, осындай мүмкіндіктерге ие болып жатыр­мыз. Мысалы, «Арманда» ЖШС жиһаз жасау цехы кеңейту жоба­сы бойынша екінші деңгейлі банк­тен 30 млн. теңге қаражатын алды. Яғни кәсіпкерлер осылай алғашқы қаржыларын ала бастады. Қал­ған қаржыларды алу үшін кәсіп­керлермен тығыз жұмыс жасау керек. Сондықтан қала әкімінің орынбасары Исахан Сағымбаев пен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне қалған екінші деңгейлі банктер арқылы құ­жаттарды рәсімдеу жұмыстарын тез арада аяқтап, жобаларын жылдың аяғына дейін іске асыруды жіті ба­қылау тапсырылады.

Екінші міндет – экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қыз­меті үшін белгіленетін тарифтік саласына тәртіп орнату мақсаты­ мен батыл шаралар қабылдау керек. Осы бағыт бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыс активімен өткізілген мәжілісте облыста ор­наласқан 15 монополиялық компа­нияға, олардың инвестициялық бағдарламалары тарифтерге негіз­делуі керектігін қатар ескертіп өтті. Жолдауда Елбасы монополистерге байланысты нақты тоқталып өт­ті. Монополистер өздері орна­ласқан жерінде әлеуметтік жо­баларға қатысуын және олардың қатысуы міндетті екенін атап өтті. Сондықтан қалада орналасқан жер қойнауын пайдаланушы мекеме­лердің мүмкіндіктерін пайдала­нып қаланы абаттандыру, басқа да әлеуметтік саладағы нысандарды жүзеге асырып отырмыз. Мысалы, «Өзенмұнайгаз» АҚ-­ның 750 млн. теңгесін жылда әлеуметтік жоба­лар бойынша пайдаланып келдік. Бұдан басқа да қалада орналасқан мекемелер бар. Енді мына монопо­лист мекемелер бойынша да өзіміз­дің қаланың көркеюіне, әлеумет­тік мәселелерді шешу бағытында жылдық жоспарымызды жасап, негізгі бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруымыз керек.

Жаңаөзен қаласы бо­йынша барлығы 262 көп кабатты тұрғын үй бар. Оларда 30 жеке пәтер иелері кооперативі мен 108 кондоминиум (Кондоминиум – лат con «вместе» + dominium «владение» – совместное владение, обладания единым объек­том, чаще всего... Совместное вла­дение  комплексом  недвижомости нескольким собственниками. Яғни кондоминиум – 1. бір объектіні, көбіне жылжымайтын мүлікті бір­лесіп иелену, 2. бір аумақты бірне­ше мемлекеттің бірлесіп басқаруы. М.Ұ) құрылған. ЖПИК пен кондоминиумдардың қызметтеріне қа­тысты жеке пәтер иелері тарапынан шағымдар жиі келіп түсуде. Әсіресе жылыту маусымы басталысымен тұрғындар жылудың айналысы (циркуляция) сақталмайтыны, жер­ төлелердің сын көтермейтіндігі жағдайларына қатысты шағымдарын айтып жатады. Енді бұған нақты шаралар жасауға көштік. Бұл Пре­зидент Жолдауында да айтылды. Біз бұған дейін де зерттедік, нақты анализ жасадық. Сол бағытта тиісті жұмыстарды жалғастыра береміз. Мәселен, қала әкімдігіне қалада орналасқан ЖПИК-­тердің сапа­сыз қызметіне қатысты ағымдағы жылдың 9 айында 14 шағым келіп түскен. Жылуға қатысты 53 арыз тіркелген. Сондықтан қала әкімі­нің орынбасары Ғалым Байжанов­қа, монополияны реттеу агенттігі­ мен келісе отырып, бірігіп, барлық ЖПИК, кондоминиумдардың қыз­метіне сәйкесінше тарифіне талдау жасап, нақты ұсыныстар дайындау тапсырылды. «Өзенинвест» МКК тарифті қорғау бағытында өздері несиелік жүйе ашуы керек. Бәрін жаңартып, әрі қарай тарифті бір бағытта ұстау үшін жұмыстар жа­салып, қадағалап, жұмысты ұйым­дастыру қала әкімінің орынбасар­лары Сәбит Сейдалиев пен Ғалым Байжановқа тапсырылды.

Үшінші, «Бизнесті әкімшілік қы­сымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түcу керек» делінген Жолдауда. Осыған сәйкес Жаңаөзен қаласы бойын­ша шағын және орта бизнестің даму қарқыны есептік кезеңмен салыстырғанда оң көрсеткішке жетіп отыр. Нақты айтар болсақ, осы жылдың 1 қазанына де­йін 8412 кәсіпкер тіркелген. Оның 6986­-сы жеке кәсіпкер, оны са­лыстырмалы түрде айтар болсақ, 2017 жылы 5642 кәсіпкер болатын. 1402 заңды тұлғалар бар. Ауыл шаруашылығымен шұғылданатын 20 кәсіпкер жұмыс істеуде. Жалпы 8232 шағын және орта кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп тұр.

Жаңаөзен қаласы бойын­ша 3994 салық төлеуші кассалық бақылау мә­шинесі жұмыс істеуі қажет. Бүгінгі таңда 2334 кассалық бақылау мә­шинесі тіркелген. Оның ішінде онлайн режиміндегі кассалық бақылау мәшинесі 1738­-ді құрайды. Қалған 596 кассалық бақылау мә­шинесі енеді және 1600 же­ке кәсіпкерге, барлығы 2196 кәсіпкерді онлайн режим­дегі кассалық бақылау мә­шинесіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласы өкілдері үшін де салық рақымшылығы, яғни салықтың негізгі қаржысын төлесе, айыппұл мен өсім­пұлды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Кі­рістер басқармасының мә­ліметіне сүйенсек, шама­мен 300-­ге жуық бизнес өкілдері ұсынылатын бо­лады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары С.Сейдалиевке, қалалық кәсіпкерлік және ауыл ша­руашылығы бөліміне, кі­рістер басқармасымен бір­лесіп салық рақымшыл­ығына түсетін шағын және орта бизнес субъектілерімен тиісті жұ­мыстарды жүргізу тапсырылады.

Маңғыстау облысы әкімінің тап­сырмасына сәйкес қала көлемінде жұмыс жасайтын компанияларды жұмыс жасайтын  жерге  тіркеу­ге қою. Бұл жерде белгіленген жоспар бар. Қаланың кірісі бар, шығысы бар, қаражатына байла­нысты. Осыларды орындау үшін нақты тапсырмалар беріледі. Соған байланысты тиісті шаралар жаса­луы қажет. Біздің қалада жұмыс істеп, өнім өндіріп, салықты басқа жақтарға төлеп отыратын мекеме­лер бар. Соның барлығын анықтап, салықтан түскен түсімді түгел осы қаланың бюджетіне түсетін шарала­рын жасау қажет.

Шағын және орта бизнес субъ­ектілерін тіркеуге қою және та­бысына қатысты тапсырылған декларацияларының дәйектілігіне тексерулер жүргізілуі керек. Сондықтан Елбасының Жолдауында айтылды, облыс әкімі тарапынан тапсырма берілді, енді қалада ор­наласқан қоғамдық бірлестіктер, қаладағы белсенді тұрғындар, «Нұр Отан» партиясының қалалық фи­лиалы, қалалық қоғамдық кеңес бірлесе отырып, жұмысшы тобын құрулары қажет. Жұмысшы тобы – қалада орналасқан салық түсіміне тексеру жүргізіп, елдің алдына шы­ғулары тиіс. Салықты кім төлеп, кім төлемей жатқандығын анықтауы керек. Осының бәріне тексерулер жүргізіліп, базарлар, мейрамхана­лар, шаштараз, дүкендер бойын­ша салық инспекциясы бүгіннен бастап жұмысшы тобын құрып, елдің алдына шығып, жариялылықты пайдаланып, жұмыс іс­теулері тиіс. Облыс, Жа­ңаөзен қаласы бойынша БАҚ арқылы жасалған жұмыстарды жариялап отыру тапсырылады. Бар­лық салық төлеуші өз дең­гейінде салық төлеуі тиіс. Әлгіндей кәсіпкерлік ны­сандардың көпшілігінде бір­екі адамнан ғана тір­келген. Шын мәнінде, ол жерлерде 60-­70 адамнан жұмыс істеп, нәпақа тауып отырған болып шығады. Демек, салық төлеуден қашып, жалтарып жүр­гендер жеткілікті деген сөз. Сондықтан мұндай жағ­дайларды  тексеріп, нақты анықтап, тиісті шектеулерді қою ке­рек. Себебі бұлар – халықтың қазы­насына түсетін қаржылар. Сол үшін осылардың бәріне тиісті шаралар жасалуы қажет. Осы жұмысшы топтың құрамында қалалық мәс­лихаттың депутаттары да болуы міндетті. Мұны ұйымдастыру бү­гіннен бастап қолға алынсын. Өйт­кені қазан айы – облыс әкімінің тапсырмасымен салыққа байла­нысты ай болып белгіленді.

Жолдаудың екінші бөлігі тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Халықтың өмір сүру деңгейінің артуы – бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру сапасына, тұрғын үйдің қолжетімділігіне және қо­ғамдық тәртіптің орнатылуына байланысты. Педагогтардың рөлін арттыруға байланысты Елбасы­ның  бастамасымен  келесі  жылы «Мұғалімдердің мәртебесі» тура­лы заң қабылданатын болды. Со­нымен қатар тәрбие мен білімнің сапасын арттыру, жоғары және кәсіптік білім беру ордаларында маман дайындау сапасын арттыру­ға талаптар күшейтілетін болады. Басты критерий – колледж бен институт бітірген студенттердің оқудан кейін тұрақты түрде ұзақ мерзімді кезеңге жұмысқа орна­ласуы. Мәселен, 2016­-2017 оқу жылында колледждерді 1029 түлек бітірді. Арнаулы оқу орындарының мәліметіне сүйенсек, 742 адам тұ­рақты жұмысқа орналасты. Бұл 73%-­ды құрайды.

Ал 2017-­2018 оқу жылындағы түлектердің саны 1419 адамды құ­раса, олардың -жұмысқа ор­наласқан. Бұл 77%­-ды құрап отыр. Сәйкесінше жұмыспен қамту орталығының мәліметіне назар ау­дарсақ, жастардың арасындағы жұ­мыссыздық мәселесі көптеу болып отыр. Осы орайда қала әкімінің орынбасары Сәнім Танаеваға қа­лада орналасқан 5 колледждің түлектеріне талдау жасап, нақты ұсыныстарды енгізу тапсырылады. Себебі облыс әкімінің тапсырмасы­на сәйкес жыл сайын колледждерге беріліп келген мемлекеттік тапсы­рыс осы критерийге сүйене отырып берілетін болады.

Қала және ауыл тұрғындарына қолжетімді медициналық қызметті көрсету бойынша барлығы 12 ме­дициналық ұйым қызмет етуде. Оның ішінде 8 мемлекеттік, 4 жекеменшік ұйым бар.

Ағымдағы жылдың 1 маусымы­нан бастап Рахат ауылында №3 емхана іске қосылды. Жаңаөзен қаласының 50 жылдығы аясында қаланың тарихында алғашқы рет мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тік негізінде  гемодиа­лиз орталығының пай­далануға берілгендігін атап өту орынды. Бұған дейін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен ауыратын науқастар Ақтаудағы медицина ор­талығына барып емделуге мәжбүр болатын. Енді сырқат жандар алысқа бармай­-ақ сапалы, жоға­ры технологиялық меди­циналық көмекті Жаңа­өзенде жаңадан салынған осы орталықтан ала ала­ды.

Қаланың 50 жыл­дығына байланысты жа­ңадан ашылатын көпте­ген нысандарды белгілеген бола­тынбыз. Ертең 19-­20 қазан күн­дері бірқатар жаңа нысандарды ел игілігі үшін іске қосқалы отыр­мыз. Солардың ішінде Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, бел­гілі кәсіпкер Қ.Жалымбетов ме­дицина орталығының басшысы Құдайберген Жалымбетов жаңа­дан салынған отбасылық амбула­ториясын дайындап отыр. Ертең  20 қазан күні осы жаңа нысанды да ашқалы отырмыз. Бұл да біздің тұрғындарымыздың өз денсаулық­тарын қорғауына септігін тигізетін болады.

Қазақстан цифрландыру бағдар­ламасы бойынша медицина ұйым­дары 2018 жылдың 1 сәуірінен бас­тап кешенді ақпараттық жүйесіне толықтай көшірілді. Қала әкімінің орынбасары Сәнім Танаева мен ден­саулық сақтау мәселелері бойынша үйлестіруші Мұрат Сарыевке 2020 жылға дейін барлық тұрғындардың электрондық денсаулық құжатта­рын жасақтауды қамтамасыз ету тапсырылады. Бұл бүгінге дейін 97%-­ды құрап отыр. Міне, осы индикаторға қол жеткізу үшін толық жағдайлар жасалған. Медици­на ұйымдары интернет желісі мен компьютер техникалары және ақ­параттық жүйелермен толық қам­тамасыз етілген.

Елбасының тапсырмасы бойынша өңірлік деңгейде бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет делінген. Қазіргі таңда қала және оған іргелес ауылдық мекендерде барлығы 103 түрлі спорт нысандары бар. Статистикалық  деректерге сәйкес 34 мыңнан астам  адам  спорт­ пен  тұрақты  түрде шұғылданады. «Самұрық­-Қазына» ҰӘҚ-­ға шы­ғып, «Өзенмұнайгаз» АҚ арқылы қаланың 50 жылдығына байланысты шаһардың ішінен салынып жатқандары бар, біткені бар, 10 жер­ден алаң салынып жатыр. Бұның бәрі тұрғындарымыздың спортпен шұғылдануына өте қолайлы жағдай туғызады. Сонда-­ақ екі әмбебап спорттық алаң орнатып жатыр­мыз. Осының бәрі қалада жаңадан жүзеге асырылып жатқан игілікті істер болып есептеледі.

Қаладағы спорт кешендерінің 68%­-ы білім беру ұйымдарында, яғни 30 спорт залдың 26-­сы сол бі­лім мекемелеріне қатысты. Жаңадан салынған мектептердегі заманауи спорт залдарға білім бөлімінің бас­шылары тұрғындардың емін-­еркін кіріп, спортпен шұғылдануларына жағдай жасауы керек.

Тұрғындарды қолжетімді сапа­лы баспанамен қамту мәселесіне Елбасы Жолдауында жеткілікті дә­режеде көңіл бөлінді. Бұл бағытта да қала әкімдігі тарапынан нақты шаралар жасалуда. Қазіргі таңда қала бойынша барлығы 262 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 53-­і – тозығы жеткен үйлер. Оның ішін­де «Шаңырақ» шағынауданындағы №43, 59 екі апаттық жағдайдағы үй тұрғындарына бюджет қаржысы есебінен пә­терлер сатып алынды. Қазір №59 үйдің тұрғындары толықтай көшірілді. Сонымен қатар «Арай» шағынауданындағы жалпы көлемі 75 мың шаршы метр 1376 пәтерлік алты қабатты 23 тұрғын үй «Бей­бітшілік» кешенінде салынып жатыр. Кешеннің 24%-­ы немесе 310 пәтері тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына беріледі. Қалғандары «7-­20-­25» бағдарламасы арқылы қолжеткізу мүмкіндігіне ие болады. Қалған тозығы жеткен үйлерді жөндеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ қала тұрғындарының қауіпсіз, сапа­лы тұрғын үйлерде өмір сүруі үшін тағы да 283 млн. теңге қаржы бөліп отыр.

Міне, осының бәрі – мемле­кеттің, Елбасының Жол­дауда берген тапсыр­маларының, бағдарла­малардың арқасында жасалып жатқан ұлан­ға­йыр игілікті істер. Пре­зидент Жолдауының ма­ңыздылығы да, мемле­кеттік бағдарламалардың тиімділігі де осында.

Сондай­-ақ  Жолдау­да құқық қорғау орган­дарына, сот жүйесіне реформалар жүргізу, сонымен бірге мемле­кеттік аппараттың рөлін арттыру туралы тапсыр­малар берілді. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін одан әрі нығайту үшін меморгандардың қызметін ашық әрі жариялы түрде жүргізу қажет. Осы жылдан бастап біздің облыс пен Астана қаласына еңбекақының жаңа моделі енгізілді. Бұл басты кезекте мемқызметкер­лерді ынталандыруға бағытталды. Сәйкесінше мемқызметкерлерден қызметтің сапасы талап етіледі. Осы орайда мемқызметкерлердің 45­-48%­-ы электрондық форматқа кө­шірілуі тиіс. Аталған жұмыстарды жүргізу– сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басты жолы.

- Қаланың көркеюіне, эконо­микасының дамуына үлес қосып, ұйымшылдықпен еңбек ету ке­рек. Себебі «Төртеу  түгел  бол­са – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» деп ата­-бабаларымыз бекерге айтпаған. Ауызбіршілікті болайық! Сүйікті қаламыздың жарты ғасырлық тор­қалы тойын ұйымшылдықпен үлгілі өткізуге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалы­ сайық! 50 жылдық мереке құтты болсын! Жолдау жарылқаған жа­ңаөзендіктердің  жалынды істе­рі мен жарқын келешегі жалғаса берсін! – деген қала әкімі Әділбек Дауылбаев актив мәжілісіндегі сөзін жарым ырысқа балаған жақсы тілегімен аяқтады.

Елбасы Жолдауынан туындай­тын мәселелер жөнінде қала әкімі­нің жасаған баяндамасына орай ардагер мұнайшы Майлыбай Өте­баев, қалалық мәслихаттың де­путаты Темір Мусаев және ҚР Президенті жанындағы басқару академиясының түлегі, қала әкімі аппаратының бөлім басшысы Ес­болат Имашев сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Мұнан кейін жазбаша келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Жаңаөзен қаласы бойынша мем­лекеттік кірістер басқармасының басшысына бірден үш сұрақ түсті. Оған осы басқарманың басшысы Ербол Өтеев тиянақты жауап беру­ге тырысты.

  • – Жолдауда айтылған кәсіп­керлерге жасалатын рақымшы­лық қай жылдарды қамтиды? Мысалы, өткен жылғы, биылғы жылғы айыппұл, салықтағы өсім­деріне кешірім жасала ма? - Негізгі салықтарды төлеген жағдайда айыппұл мен өсімпұлға рақымшылық жасалатын болады. Біз жылдың басында хаттамаларын толтырамыз. Соның негізінде боса­тылады. Оны БАҚ­-та жариялаймыз.
  • – Егер кәсіпкерге төлей алма­ған салығының айыппұл, өсім­пұлдарына кешірім жасалса, кә­сіпкерлер тиісті салықтарын төлемей жүріп алмай ма? Әлде мұның бір мерзімі, мөлшері немесе белгіленген сомасы бола ма? - Негізгі салықтарды төлегесін айыппұл мен өсімпұлдан босаты­лады...
  • – Жаңаөзен қаласы бойын­ша осы рақымшылыққа қанша кәсіпкер ілігуі мүмкін? Кешірімнің мерзімі қай жылдарға дейін жалғасады? Әлде өмір бақи жал­ғаса бере ме? Осы күнге дейін олардың қарызы, айыппұлы қан­ша теңгені құрап тұр?
  • – Оны қазір есептеп жатырмыз. Рақымшы­лыққа ілінетіндер саны 300-­ге жуық. Тіпті одан көп болуы да мүмкін. Жалпы рақымшылық деген бір рет беріледі. Келесі жылы Елбасы осындай кешірім беріп жатса ғана босатылады. Осындай рақымшылық 2013 жылы болды. - «Ақсу» шағынау­данына спорт кешені салына ма?

    Ә.Дауылбаев:– «Ақсу» шағынауда­нында жасалып жатқан нақты жоба жоқ. Егер қажет болса, алдағы жоспарға енгіземіз.

     – «Ақсу» шағынауданының та­залығы өте нашар. Көшелер неге көгалдандырылмасқа?

    Ә.Дауылбаев: – Қаланың таза­лығын қарап, бақылауда ұстап отырмыз. Тазалықты толыққанды ұстап сақтауға қаржы жеткілікті. Бұған бекітілген жауапты мекеме, басшылар бар. Жалпы қаланың тазалығы қалыпты жағдайда жүр­гізіліп жатыр. Ішінара жаңағыдай жағдайлар кездессе «Тазалық», «ЖКХ» бөлімдері тиісті шараларын жасауы керек. Ал көгалдандыруға да қаражат қарастырылған. Биыл да тапсырма берілді. Көгалдандыру бір деңгейде қалмауы керек. Жа­ңадан салынып жатқан балансқа берілген нысандардың айналасын да көгалдандыру қажет. Оған да бөлімдер ұсыныстарын жасаулары тиіс.

    «Рауан» шағынауданына көше шамдарын ор­нату туралы, сондай­-ақ «Мамыр» шағынауданындағы жаңадан салынған мектеп­гим­ назияға баратын жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы туралы жазба­ша түскен сұрақтарға қала әкімі қанағаттанарлық жауап берді.

    Мұратбай ҰЛЫҚПАН

    1367
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары жаңаөзен - 50 жыл
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Иран делегациясын қабылдады

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзенде «Алтын қолды адам» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Жаңаөзен жастары» журналы жарық көрді (ФОТО)

    [ 2019 ] 26 шілде, 10:54
    1552

    Нұрлы да жырлы Жаңаөзен

    [ 2018 ] 23 қазан, 10:34
    2734

    Жаңаөзенде «Алтын қолды адам» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    [ 2018 ] 22 қазан, 13:42
    1404

    Жаңаөзен: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жолдары талқыланды

    [ 2018 ] 22 қазан, 05:18
    1368

    Жаңаөзендік жас суретшілер байқауы өтті

    [ 2018 ] 16 қазан, 12:51
    980

    Жаңаөзеннің 50 жылдығына орай ардагерлерге төсбелгі табысталды

    [ 2018 ] 16 қазан, 05:03
    948

    Рубрикалар

      СпортБайланыс мәліметтеріСұхбатРедакцияМаңғыстауҚұқықанонсЖаңалықтарҚоғамАудан тынысыЖарнамаМәдениет

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    507

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    687

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    613

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1257

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    804

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    617

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»