Тілдер күні және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай жаңадан ашылған Достық үйінде ашық сабақ өтті. Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы МО ӘА «Коғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған ашық сабақтың мақсаты—оқушыларға жаңа Достық үйін таныстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қызметі, бағыты, міндеті туралы түсінік беріп, оқушыларды өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге баулу, патриоттық тәрбие беру.
Ашық сабаққа қатысқан «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары мен мұғалімдерін «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестік өкілдерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Самира Абдуллаева құттықтады.
Содай-ақ Ақтау қаласының ерекше құлпырғанын айтып, Елбасының «Ақтау қаласы Анталиядан озып, Дубайды да басып озатын болады», деген астарлы сөзін тілге қаперге берген ол қонақтарға Ассамблея жөнінде мағлұмат берді, жаңа Достық үйімен таныстырып, арнайы кабинеттерді аралатты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Түпқараған ауданында туризмді дамытуЗаман талабына сай осынау көркем ғимаратты көріп, таңданған балалар мен ұстаздар 5 елдің басшыларының кездесуі болған Каспий саммиті өткен үлкен кабинетке кірген кезде ерекше сезімге бөленгендерін жасыра алмады. Оқушылар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырған орындыққа отырғанында өздерін бір елдің басшысындай сезініп, жүректерінде патриоттық сезім ұялағанын айтты.
Сабақ соңында ойларын ортаға салған оқушылар ашық сабақтың ойдағыдай болғанын атап өтті. Ал олардың кураторы Мейрамгүл Амантурлина мен өнер пәнінің мұғалімі Аманғали Мұратов сабақ барысында оқушыларының бір сергіп қалғанын жеткізіп, ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА