Маңғыстау облысының әділет департаменті жергілікті басқару органдарымен «Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудегі жаңашылдықтар» жөнінде семинар өткізді.
Жиынға Маңғыстау облыстық әкімдігі, облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес, тексеру комиссиясы, барлық қалалық, аудандық әкімдіктері мен мәслихаттарының аппарат басшылары мен заңгерлері, нормативтік құқықтық актілерді тіркеуге жауапты мамандары, Ақтау қалалық, Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесі өкілдері қатысты.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Жанат Көбейсін баяндап берді.
Қағазсыз құжат айналымға көшу аясында Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы қабылданды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ардагерлер тұрған үйлерге ескерткіш тақталар орнатылдыАғымдағы жылдың 24 шілдесінен бастап орталық мемлекеттік органдардың және облыстық, аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеу Мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы ұсынылады.
- Мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыруға байланысты, нормативтік құқықтық акті әділет органдарына ұсыну мерзімі әзірлеуші органның басшысымен бекітілген күннен бастап үш жұмыс күніне дейін қысқарды. Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасы Мемлекеттік органдардың интранет–порталы арқылы толық құжаттар топтамасы ұсынылған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Тиісінше, әзірлеуші орган жеті жұмыс күні ішінде ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдауы және пысықталған нормативтік құқықтық актіні қайта ұсынуы тиіс,-деді нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Жанат Көбейсін.
Сондай-ақ электронды құжат айналымы туралы Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының бас маманы Самат Жұмаханов слайд арқылы көпшілікке анық түсіндіріп берді.
Шара барысында қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, жауаптар берілді.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР