©
"Елбасы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді", - деп хабарлады Ақорда сайты. Мемлекет басшысы Ақтау қаласына келген соң қала нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысады. Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың мультимодальды Құрық портының таныстырылым рәсіміне және Бесінші Каспий саммитіне қатысуы, сондай-ақ жоғары деңгейде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.